Жұмыстың жайын түсте ойла
Жұмыстың жайын түсте ойла
Еңбек процесі қалай жү­ре­ді? Алдымен өнімді да­йын­даймыз, сараптай­мыз. Ар­тынша өңдеп, кә­де­­­мізге жаратамыз. Жұ­мыс күні де дәл солай өте­ді. Күнді сергек, жұмыс­ты жи­нақы істеу үшін сиес­та кө­мекке келеді. Ал сиес­та де­геніміз не? Сиеста түскі ұйқы деген ма­­ғына береді. Білсеңіз, түскі ұй­қы ағзаға пайдалы. Жаздыгүні не­месе лагерьге барғанымызда түсте «қинап» ұйықтататын. Бас­тап­қыда ұйықтамауға тырыс­қан­­мен, кейін ұйықтап қаламыз. Тұр­ған соң денеңе қан жүгіріп, энер­гия күшін сезесің. Міне, сиес­та деге­німіз – осы. Тіпті, мұны әлем ел­дері «испан йогасы» деп атай­ды. Ал йога қыр-сырын біл­ген­ге таптырмас көмекші құрал. Сиестаның Испанияда әйгілі еке­нін жаздық. Ауылы аралас жат­қан Италия үшін де бұл таң­сық емес. Латын Америка ел­дері де испан йогасына бейжай қарамайды. Кәрі құрлықтың дағдысын Жапония, АҚШ пен өзге мемлекеттер әдетке айнал­ды­руды құп көреді. Қазір түрлі компания мен орталық жұмыс орнына мамық диван мен пуфик қойып жүр. Түсте көз шырымын алуды жөн көретін қызметкер арнайы бөлмеге барып дем алады. Мұны әдетке айналдырып, жүйе­ге кіргізгендер бар. Бұл жа­йын­да сәл кейінірек, төменде ағзаға әсе­рі туралы жазамыз. Испан йогасы жұмыс күші­не ғана емес, денсаулыққа да қа­рай­ласады. Түс ауа аз-маз мыз­ғып алатындар жүрек ауруы­на сирек шалдығады екен. Бір­­неше жыл бұрын өткен Сан Диего кон­фе­рен­­циясында ғалым­дар түскі ұй­­­­қының тағы бір ерекшелігін аш­ты. Олардың тұжырымы бо­йын­­ша, сиестаны күн тәртібіне кір­гізгендердің есте сақтау қабі­леті жоғары болады. Әрі түскі ұй­қы­дан кейін ми үйренуге, қа­был­­дауға, жаңа дүниені сіңіруге бейім.  

30 минут ұйқы

Байқасаңыз, таңертеңнен түс­ке дейін адам түрлі ақпараттың ара­сында өмір сүреді. Бірін қоры­туға, ендігісін ұмытуға, үшіншісін пай­даға жаратуға тырысады. Со­­ның арасында энергиясы тау­­сылып, пайдаға асырамын де­ген фун­к­цияны кешеуілдетеді. Осын­дай­да 30 минут ұйқы күніңізді сәтті жалғастыруға жәрдем бе­ре­д­і. Мұны Хартфордшир уни­вер­­­ситеті профессоры Ричард Вайз­ман құптайды. Оның ойынша, қысқа уақытты қамти­­тын ұйқы шығармашылық бел­­сен­­ділікті арт­тырады. Бірақ қа­лың ұйқыға кету­дің қажеті жоқ. Бұл кері әсе­рін тигізеді. Нелік­тен? Уақытыңыз болса, түстен ке­йін 20-30 минут ұйықтап алған дұ­рыс. Бұдан көп ұйықтасаңыз, дел-сал күйге түсесіз. Өйткені ұй­қы түрлі фазадан тұрады. Бізге керегі бірінші фаза. Яғни, түс көр­мейтін уақыт. Осы мүмкін­дік­ті дұрыс пайдалану керек. Ал те­р­ең ұйқы фазасына өтіп кет­се­ңіз, ұйқыдан тұрғанда басыңыз ауырып, денеңіз қалыпқа бағын­бай тұрады. Әрі маужырап, жұмыс өнім­ділігі төмендейді. Тек бірінші фазада көз шырымын алу үшін не істеу керек? Мамандар түстен кейін 5 ми­нут ұйқыны әдетке айналдыруға болатынын жазған. 5-10 минутқа оят­­қыш қойып, көзіңізді іле­сіз. Де­неңіз босағанымен, біраз уа­қыт­тан кейін оятқыш белгі бе­ре­тінін біліп жатасыз. Осындайда ми жұмыс істеп тұрғанымен, де­­малуға кедергі емес. Сонымен бір­ге олар 5-10 минуттық ұйқы­дан соң су ішіп, қарапайым дене жат­­тығуларын жасаған жөн дейді. Түрлі зерттеу жұмысы көр­сет­кендей, түсте 20-30 минут мыз­ғып алудың еңбек өнімділігін 20%-ға арттыруға себі тиеді. Бірақ мұн­да да түс көретін фазаға өтпеу ке­рек. Өйткені бұл жаттау мен есте сақ­тау қабілетіне кері әсер ете­ді.  

Еңбек өнсін десең...

Кез келген компания бас­шы­сы үшін нәтиже бірінші орында. Сол үшін барынша тырысады. Жұ­мыскерлерін жігерлендіріп, екін­ші тынысын ашу үшін әре­кет етеді. Әрине, төмендегі тә­сіл қыты­мыр бастыққа ұнай қой­май­ды. Ал қол астындағының еркін жүріп-тұрғанын қалайтын басшы үшін бұл таптырмас құрал. Жұмыс арасында сергіп алған бә­ріне тиімді. Ал ұйықтап алудың ай­рықша мәні бар. Белсенділікті арт­т­ырып, тың идея дүниеге келуі бек мүмкін. Мәселен, Google, Ben & Jerry сияқты атақты компания­лар жұ­мысшы игілігі үшін кеңсеге жа­тын орындарын қойған. Ресейде қызметкерге арналған релакс зона бар. Мәселен, «Ави­то» компаниясында арнайы үй­шік бар болса, «Сбербанк» пен Courseburg-те ұйқы капсуласы бар. Шар­шаған қызметкер капсу­ла­ға кіріп, демін алып, энергия жинақтайды. Елде мұндай капсу­ла­ны Energy Point пен Superjob дайындайды. Әрі өздері бірінші болып сынап көреді. Energy Point-тың бас директоры Алексей Ви­нокуровтың айтуынша, кофе не­месе шай ішкен соң капсулаға 20 минутқа жату керек. Уақыты жет­кенде құрал адамды өзі-ақ оя­та­ды. Содан кейін кофе ағзаға әсер етіп, ары қарай жұмыс істеу жалғасады. Пекиндегі Xiangshui Space ком­паниясы жұмыскерлері түсте мін­детті түрде ұйықтайды. Ұйық­­та­маса да кітап оқып, гад­­жетке үңіл­се де, жұмыстан бір сәт тыс­қары қалуы керек. Өйт­кені ком­пания сонда ғана жұ­мыс­шы­ның ісіне деген құш­тар­­лығы оянатынын түсінеді.  

Сиеста күреседі

АҚШ-тың Массачусетс уни­вер­ситеті 30 минуттан аспайтын ұй­қы түрлі аурудың алдын ала­ты­нын дәлелдеген. Эмоцияны ба­қылауда ұстауға көмегі тие­ті­­­нін анықтаған. Сол үшін пар­кин­сон, альцгеймер тәрізді ауруға шал­дыққандарды бір мезет мыз­ғып алуға шақырады. Ал Пекин уни­вер­ситеті ғалымдары сиес­та­ның артериялық қан қысы­мын реттеп, гипертонияның ал­дын алатынын жазады. Испа­ния­­ның Наваррс уни­­верситеті ізденушілері түскі ұйқы­ның семіз­дікпен күресте пайдасы барын көр­сет­кен. 2010 жылғы зерт­теуде сиеста дені сау адамға да, дертке шалдыққан жанға да тиім­ді екені айтылған. Ұйқы жайында сөз болса бі­ра­зы жалқаудың сылтауы деп ба­ға береді. Алайда ғылым мен ға­лым сөзі басқаша өрбиді. Ұй­қы­­ның мөлшерлі түрі бәріне дәру. Бірақ тарихқа аз ұйқыны әдетке айналдырып, жетістікке жет­кендердің тарихта қалғанын желеу ететіндер бар. Мәселен, Алек­сандр Македонский, Лео­нар­до да Винчи, бертін келе Мар­­гарет Тэтчер. Ғалымдар Тэт­чер генін ғана зерттей алды. Біл­сеңіз, Темір ханым күніне 4 сағат ұйықтайды. Артынша жұ­мыс­ты жүйелі істеп жүре береді. Бұл Тэтчер геніндегі айрықша бел­гілерге байланысты екен. Мұн­дай артықшылық кез кел­ген­ге берілмейді. Сондықтан ғалым­дар 8 сағат ұйқыны бар ғаламға мін­дет­тейді. Ал сиеста жайын еркіңіз білсін.   Айбике ЖАНАСЫЛ