Оралда полицейлер асылып тұрған адамды құтқарып қалды (ВИДЕО)
Оралда полицейлер асылып тұрған адамды құтқарып қалды (ВИДЕО)
Фото: ҚР ІІМ
Оралда тәртіп сақшылары ер адамды өлімнен арашалап қалды, – деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 5 желтоқсан күні түнде Орал қаласы ПБ кезекші бөліміне кішкентай қыз хабарласып, отбасында жанжал болып жатқанын айтып, көмек сұраған. Оқиға орнына жедел түрде №4 учаскелік полиция пунктінің инспекторы Мирас Исатаев, қалалық ПБ ППБ қызметкері Меделхан Жанарыс, БҚО ПД Жедел қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы Ғаділбек Нұрмұханов аттанады. Аталған мекенжайға келгенде үйдің жанындағы ескі сарайды тінту кезінде асылып тұрған ер азаматты байқап, дереу шешіп алып, алғашқы көмек көрсетеді.