Криштиану Роналду бас бапкермен жанжалдасып, құрамадан кететінін айтқан

Криштиану Роналду бас бапкермен жанжалдасып, құрамадан кететінін айтқан

Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду ұлттық құраманың бас бапкері Фернандо Сантушпен жанжалдасып, 2022 жылы Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатынан кететінін айтты. Португалиялық Record басылымының хабарлауынша, 37 жастағы футболшы Швейцарияға қарсы плей-офф ойынында негізгі құрамға түспегеніне ренжіген.

"Құрамға қатысты шешім қабылданғаннан кейін Роналду Сантушпен кездесу өткізіп, оның рөліне көңілі толмайтынын айтқан. Шиеленісті диалог кезінде футболшы сөмкелерін жинап, Катардан кетуге дайынмын деп қорқытқан", – деп хабарлады дереккөз.
Алайда, кейін Криштиану Португалия құрамасына өзінің керек екенін біліп, тез арада ойын өзгерткен.