9 желтоқсанда Астанада мектеп оқушылары қашықтан оқиды деген ақпарат тарады
9 желтоқсанда Астанада мектеп оқушылары қашықтан оқиды деген ақпарат тарады
255
оқылды
Астанада 9 желтоқсанда ауа райына байланысты бірінші ауысымда оқитын мектеп оқушылары мен 1-2 курс студенттері онлайн оқиды деген жалған ақпарат тарады.
"Астана қаласының білім басқармасы хабарлайды: ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушылары және колледжердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген жалған хабарламада.
Ал Астананың білім басқармасы бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады.
"Бұл жалған ақпарат. Сабақтың қашықтан оқыту форматына ауыстырылатынын таңғы 6-да хабарлаймыз. Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз", - деп жазды ведомствоның баспасөз қызметі.