20 жаңа мультфильм

20 жаңа мультфильм

Биыл қазақ анимациясына 55 жыл толды. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жанынан «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі (ШБ) жұмыс істейтіні белгілі. Олар конкурстық негізде 167 сценарий ішінен үздік 20-сын таңдап, бес минуттық анимациялық карти­налардан тұратын 20 пилоттық жобаны аяқтады. 55 жыл ішінде отандық екі жүзден аса мультфильм түсіріліп, отыздан аса ани­мация­лық студиялар өмірге келді. 2018 жылы анимациялық киностудиялар қа­уым­дастығы құрылып, өз кезегінде қауым­дастық рухани-мәдени маңызы бар көп­теген іс-шара өткізген. Соның ішінде жыл сайын ұйымдастырылатыны – Халықара­лық Amen фестивалі. Биыл Amen фестивалiне қатысуға Әзер­байжан, Грузия, Испания, Қазақстан, Қытай, Түркия, Өзбекстан және Франция мультипликаторларынан барлығы 147 өті­нім түскен. Олардың 55-і іріктеуден өтті. Бұл жобаларды отандық және шетелдік анимацияның көрнекті қайраткерлері енген қазылар алқасы iрiктедi. Алдағы жылы қазақ анимациялық кино өнерінің атасы Әмен Қайдардың туғанына бір ғасыр. Осыған орай «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінде Ұлттық ки­но­ны қолдау мемлекеттік орталығының тап­сырысымен «Әмен ағаның ғажайып бәйтерегі» атты қысқаметражды мульт­- фи­льм түсірілді.

Айбике ЖАНАСЫЛ