Тағдырды цифрмен болжағымыз да келеді-ау
Тағдырды цифрмен болжағымыз да келеді-ау
375
оқылды
Нумерология – жеке тұлғаның өзіне ғана тән мінез, мақсатқа ұмты­лыс, күш-жігер сынды қабі­лет­терін анықтауға  арналған ғы­лым. Адамның өзі білмейтін құпия­ларын да ашуы мүмкін. Оны анық­тау үшін туған күніңізді біл­сеңіз жеткілікті. Нумероло­гия­ны дәстүрлі психологияға ба­лап жүрген нумерологтар қата­ры өте көп. Нумерологияны дін­мен, пси­хо­логиямен байла­ныс­тыру­шы­лар да бар. Өйткені нуме­роло­гия­да сандардың көмегі­мен адам бойындағы қасиеттерді, ерек­­шеліктері мен психикалық ауытқуларын, тіпті қандай да бір аурумен ауыраты­нын да, бақыт­қа, байлыққа оңай жету жолдарын  да білуге болады-мыс. Қазіргі таңда жан әлемін зерттеуші, сіз туралы бәрін білетін, сана мен түпкі сана құпиясын  ашатын қазақы нумерологтардың дәурені жүріп тұр.  Нумерологтардың пайымдауынша, көп адамдар нумерологқа келіп, өмір­лерінің бірден өзгеріп кеткенін қалайды. Сандарға сеніп, әрекет етпей жата берсе нәтижесі болмайды. 75 пайыз тағдырға, ал 25 пайыз сәттілік пен сенің әрекет етуіңе байланысты екенін айтады.  Дін, психология, нумерология ғылымының ара­қатынасы – қарама-қайшы көзқарас­тарға толы күрделі тақырыптың бірі. Қоғамда нумерологияға байланысты екі ұдай көзқарас бар. Бір топ ғалымдар олардың арасында ешқандай қайшылық жоқ десе, тағы бір тобы бұл екі ұғым-категориялар арасында қашанда қайшы­лық болып келгенін көрсетеді. Бұл – пікірлердің плюрализмі.    width= Каролина АХОН, нумеролог: – Егер қан­дай да бір заңдылық бол­са, неге оны қол­­­­данбасқа?! Оның үстіне қа­зір­­гі қоғам ойлап тап­­­­­қан жоқ оны, бас­­­та­уын ежел­гі Еги­­петтен алады. Бұл экзо­­­ти­­ка­лық бі­лім, бұл білім  бәлкім расы­мен жо­ға­ры күш иелерінен түскен болар ар­найы белгі ретінде.  Адам өз әреке­тінің дұрыс, бұрыстығын анықтап нақ­тылау үшін жіберілген болар. Әр адам белгілі бір қасиетімен, мінезімен, өз кемшіліктерімен және белгілі миссиямен  туы­лады. Сондықтан бұл жоғары күш заңдарымен байланысты. Біреу құдай десе, біреу жоғары күш дейді. Кім қалай айтса да бұл жерде өмір сүру үшін бір заңдылық бар. Егер өмір сүру үшін белгілі білімдерді неге пайдаланбасқа. Біз күнді есептейміз. Бұл – таза есеп. Тағдыр деген түсінік бар. Сол тағдырдың жүйесімен біз өмір сүреміз. Мысалы, бүгін біз тіс жууымыз, ертең көйлек алуымыз керек, арғы күні тұрмысқа шығуымыз керек дегендей өмірдің өзіндік заңдылықтары бар. Ал біздің жағдайда дәлме-дәл есеп бар. Сонымен қатар қазір нумерологияны бизнеске айналдырып жатқандар көп. Кез келген ғылым саласында ақша табу керек. Өйткені нумерология – уа­қыт талабы. Қазіргі заманда ақшасы төлен­бе­ген нәрсеге адамдар немқұрайды қарайды. Нумерология адам өмірін жақ­сартады.    width= Абдусамат ҚАСЫМ,  исламтанушы: – Нумеро­ло­­гия дегеніміз – әр­­бір әріптер мен сан­дарда мә­лі­­­мет сақтаулы де­ген түсінікті біл­­ді­реді. Қазіргі таң­­да адамның не нәр­­сеге бейім  екенін, бола­шақ ерлі-зайып­ты­лардың бір-біріне сәй­­кестігі сияқты нәрселерді анықтау құ­ра­лы ретінде ұсынылуда. Нумерология – тылсым әлеммен байланысы бар құ­пия наным жүйесі. Мұны сандармен пал ашу деп те атайды. Шариғатта пал ашу да, пал аштыру да харам саналған. Оның үстіне, әріп пен сандарда белгілі мәліметтер сақтаулы деген тұжырымның ғылыми негізі жоқ. Сол себепті қазіргі ғылымда нумерология «жалған ғылым» деп бағаланған. Діни тұрғыда да нумерология ілі­мін «айналысуға болмайтын» ілімдер қа­та­рынан десек болады. Орта ғасыр­лар­да да Ислам әлемінде бұған ұқсас «әріптер ілімі», «сандар ілімі» деген түр­лері бар еді. Ол мұсылмандардың ара­сына Грек философиясынан кірген. Кейбір мұсылмандар ол ілімді Ислами негіздермен ұштастырғысы келсе де, ол іліммен айналысуды діни тұрғыда харам деп санайтын Ислам ғұламалары болды. Қазіргі таңда мұның кең етек ала бас­тауының бір себебі, адамдардың ақы­лы жете бермейтін, мәселен, бола­ша­ғына қатысты ақпаратты білсем деген құш­­тарлығы деп атауға болады.  Ал бұл уақытша құбылыс па, жоқ па, оны уа­қыт көрсетеді. Дегенмен оның берген мәлі­­меттері нақты емес, жай жорамал екенін ұққан көпшілік, ерте ме, кеш пе, оған деген қызығушылығын жоғалтады де­ген ойдамын. Алайда ол кетсе, басқа нәр­се келері сөзсіз. Сол үшін халықтың көзін ашып, діни сауаттылықты арттыру ар­қылы мұндай шеттен кірген түсініктер мен дүниетанымның халық санасын ула­уына тосқауыл болуға болады деген пікір­демін.    width= Ғайни СӘУЛЕТҚЫЗЫ, психолог: – Халық ара­сын­­­да нумеро­ло­­гия­­ға қатысты екі түр­лі пікір бар.  Бі­рі бұл ғы­лым­ға се­­нім біл­дір­­­­се, енді бірі сен­­­бейді. Жал­пы, нумерология ғылы­мы­­ның дінімізге қайшы  екені көп жер­де ай­тылып жүр. Бо­ла­шақты болжау – Аллаға серік қосу. Сонымен қа­тар  ну­ме­рологияны нақты ғылым деп ай­туға болмайды. Оны көпшілік пси­хо­логиямен байланыстырып, тіпті оның бір тармағына жатқызатындар да бар. Бірақ ол үлкен қателік. Өйткені пси­хо­логиядағы әрбір тұжырым нақты ғы­лыми тәжірибелер  қайталанған соң жа­­салады.  Ал нумерологияда қайта­ла­на­тын тәжірибелер болмаған. Сондықтан нақты ғылымға жатқызуға болмайды. Ақ­парат ағынының толассыз келуіне  байланысты, нумерологияны заманның уақытша модасы ретінде қарауға болады.  Халықтың жалған сенім жетегінде кетпеуі үшін діни  тұрғыда сауатты болу керек.  Кез келген ақпаратты қабылдаған кезде  бұл жайында дініміз, нақты ғы­лым­­дардың не дейтінін сара­лап алған жөн.   Венера АСҚАРҚЫЗЫ