Бүгін бірнеше өңірде оқушылар сабақты қашықтан оқиды
Бүгін бірнеше өңірде оқушылар сабақты қашықтан оқиды
Фото: khabar.kz
279
оқылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірлерде І ауысым оқушылары қашықтан оқитын болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Семей қалалық білім бөлімінің мәліметінше, І ауысымдағы 0-4-сыныптар онлайн оқиды. Павлодар қаласында -31 градус аязға байланысты мектепке дейінгі оқушылардың, 1-9-сынып оқушыларының сабағы қашықтан өткізіледі. Жезқазған қаласында 0-4-сынып оқушылар үйден білім алады. Астанада бірінші ауысымның 0-4-сынып оқушылары да мектепке бармайды.