Тоқаев Қазақстанның Грузия, Болгария, Литвадағы елшісін тағайындады
Тоқаев Қазақстанның Грузия, Болгария, Литвадағы елшісін тағайындады
Фото: mail.kz
387
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжановты Грузиядағы Төтенше және өкілетті елші лауазымынан босатты. Президент Жарлығымен Теміртай Рымтайұлы Ізбастин Қазақстанның Болгария Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды. Оның орнына Виктор Валерийұлы Темірбаев Қазақстанның Болгариядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстанның Литвадағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды. Тимур Бейбітәліұлы Оразаев Қазақстанның Литвадағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстанның Албаниядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқаратын болды.