Алматыда тағы бір жаңа театр салынады
Алматыда тағы бір жаңа театр салынады
Фото: exclusive.kz
349
оқылды
Алматыда 2023 жылы жастар театрының құрылысы басталады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХХІ сессиясында айтты.
«Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің ұсынысы бойынша келесі жылы мегаполисте жастар театры салынады. Сметалық-жобалау құжаттамасы мен орны дайын болған соң құрылысын бастаймыз», – деді қала әкімі.
Қала басшысының айтуынша, бұған қоса «Алатау» дәстүрлі өнер театрын да күрделі жөндеу жұмысы алдағы жылы басталады. Айта кетейік, мегаполисте қазіргі қолданыстағы Ғ.Мүсірепов атындағы жастар мен жасөспірімдер театры  ғимаратының тозығы жеткені туралы өнер адамдары біраздан бері айтып жүрген болатын.

Алматы