Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Әуежайда Мемлекет басшысын Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – президент әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров күтіп алды. Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Қазақстан Президентін «Ала-Арча» резиденциясының Конгресс-холлында қарсы алды. Онда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді.