Астанада 19 жастағы жігіт 25-қабаттан құлады

Астанада 19 жастағы жігіт 25-қабаттан құлады

Астана тұрғыны 25-қабаттан құлап, мерт болды. Бұл туралы Aikyn.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Оқиға 8 желтоқсан күні болған. 102 арнасына сағат 10.53-те Петров көшесінен жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Полицейлер жігіттің жеке басын анықтады. 19 жастағы Астананың тұрғыны екені белгілі болды. Жігіт 25-қабаттан құлаған. ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.