«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.
Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын соғып, оңтүстік және оңтүстік-шығыста тұман түседі. Түнгі сағаттарда ауа температурасы батыста 7-20-дан 5-15 градусқа дейін, солтүстік-батыста 18-30 градустан 12-22-ге дейін, солтүстікте 17-30-дан 10-26-ға дейін, орталықта 20-30-дан 18-28 градусқа дейін суық болады. Ал еліміздің шығысында 15-35 градустан 12-25 градусқа дейін, оңтүстікте минус 30 градустан 7-20-ға дейін түседі. Оңтүстік-шығыста 12-25 градус аяз болуы мүмкін.«Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы болады және қар жауады. Тек еліміздің батыс, оңтүстік, орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады», – дейді синоптиктер.