Жалдамалы пәтерден 12 шымкенттікті алдаған жас қыз ұсталды
Жалдамалы пәтерден 12 шымкенттікті алдаған жас қыз ұсталды
© sila-rf.ru
1,659
оқылды
Түркістан облысында полицейлер 12 шымкенттікті алдаған жас қызды ұстады, – деп хабарлады Polisia.kz. Сайрам ауданының полиция басқармасына Шымкент тұрғыны арызданған. Әйелдің айтуынша, ол жалған жарнамаға алданып қалған. Айтуынша, ол Ақсукент ауылындағы шипажайлардың бірінде 10 күн демалу үшін алаяққа 100 мың теңге аударған. Ал өзінің алданғанын кеш түсінген. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркелді. Істі ашу үшін Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері мен сайрамдық тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылған. Нәтижесінде күдіктінің кім екені анықталды. Жедел уәкілдер жасырынып жүрген оны Алматы қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен ұстады.
"Оның бұрын алаяқтық дерегімен сотталған жас қыз екені анықталды. Ол – Төлеби ауданының тұрғыны. Күдікті жалған жарнама арқылы 12 шымкенттікті алдаған", – деп жазылған хабарламада.
Бүгінде полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.