Гавай аралдарында 3 қазақстандық ұсталды
Гавай аралдарында 3 қазақстандық ұсталды
© vsegda-pomnim.com
Жер және табиғи ресурстар басқармасының баспасөз қызметі Гавай аралында жақында оянған Мауна Лоа жанартауының жабық аумағына кірген үш қазақстандықтың ұсталғанын мәлімдеді. Оларды жергілікті полицейлер Мауна-Лоа орман қорығының жабық аймағынан байқаған. Ал ол аймақ қауіпсіздік мақсатында жақында Мауна-Лоаның атқылауынан кейін жабылған болатын.
Лава ағынының жабық және белсенді аймағында жүріп бара жатқан 3 адамды полиция байқады. Гавайи полициясының қызметкері олар көлігіне қайтып келген кезде ұшырасқан. Оқиға орнында полиция қызметкері олардың жабық аймаққа кіргенін анықтады, – делінген хабарламада.