256 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
256 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
«AMANAT» партиясы  Қызылорда облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың қатысуымен «Жер аманаты» аймақтық комиссиясының отырысы өтті.  Жиынға ZOOM бағдарламасы арқылы тиісті басқармалар мен аудан әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары қатысып, атқарылған жұмыстар жайын баяндады. Аймақтық комиссия отырысында  пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді анықтау, мемлекет меншігіне қайтару бойынша атқарылған жұмыстар сараланды. Сонымен қатар алдағы міндеттер және аймақтық комиссиясының жұмысын үйлестірудің кейбір мәселелері қаралып, пысықталды. Жалпы ағымдағы жылы облыс бойынша пайдаланылмаған немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланған көлемі 157 мың 113 га құрайтын 256 ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған. Алдағы уақытта да аталған комиссияның бұл бағыттағы жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, қажетті шаралар жасалатын болады.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы