Антикор адам құқықтарын қорғау мәселелерін халықаралық сарапшылармен талқылады
Антикор адам құқықтарын қорғау мәселелерін халықаралық сарапшылармен талқылады
233
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні және адам құқықтары Күні қарсаңында Алматы қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының, комиссияның, шетелдік сарапшылардың, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың, академиялық қоғамдастықтың, қала әкімдігінің және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - адам құқықтарын қамтамасыз етудің қажетті шарты" атты халықаралық дөңгелек үстел өткізілді.  width= Дөңгелек үстелді аша отырып, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Олжас Бектенов Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты озық халықаралық стандарттар негізінде жетілдіріле беретінін атап өтті. "Халықаралық интеграцияның маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және кірістерді жылыстату саласындағы негізгі халықаралық конвенцияларға, ЭЫДҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстамбұл іс-қимыл жоспарына қосылып, ГРЕКОҒА кірді. Халықаралық құжаттарға қосылу активтерді қайтару және сыбайлас жемқорларды беру бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдарды күшейтуге мүмкіндік береді",– деп Агенттік төрағасы Олжас Бектенов атап өтті. Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің адам құқықтарын сақтаумен өзара байланыстылығына назар аударып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және адам құқықтарын заңдастырудың нақты жоспарын белгілеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын атап өтті. Мемлекет басшысы атап өткендей, біздің ортақ мақсатымыз – заң үстемдік ететін және азаматтардың құқықтарына тиісті құрмет көрсетілетін әділ Қазақстан құру. "Сыбайлас жемқорлық азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени адам құқықтарын іске асыру жолындағы елеулі кедергі болып табылады. Ол ашықтықтың, есеп берудің, кемсітпеудің және қоғамдастық өмірінің барлық аспектілернде адам құқықтары принциптерін бұзады. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шаралар адам құқықтары саласындағы нормаларға сәйкес келуі тиіс", - деп Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Төрағасы Игорь Рогов өз сөзінде атап өтті.  width= Сондай-ақ дөңгелек үстел аясында АҚШ, Франция, Грузия және басқа да бірқатар елдердің өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тәжірибесімен бөлісті. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша шетелдік әріптестермен одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді және елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын одан әрі дамыту бағыттары айқындалды