Әлеуметтік желіде тағы бір фейк ақпарат тарады
Әлеуметтік желіде тағы бір фейк ақпарат тарады
548
оқылды
Қазақстанның электронды үкіметі порталының Telegram арнасы желіде eGov жүйесінде ауқымды ақау орын алғаны туралы жалған ақпарат тарғанын хабарлады.
Тараған хабарламада "жүйеде "ауқымды ақау орын алып", салдарынан тек enis.kz ғана емес, сонымен қатар eGov және басқа да мемлекеттік жүйелер "сынып" қалды", делінген. Қазақстанның электронды үкіметінің порталы бүгін, 9 желтоқсанда enis.kz бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесінің, e-Otinish мемлекеттік органдарына электрондық өтініштердің ресми платформасының және "электрондық үкімет" бөлек компоненттерінің дұрыс жұмыс істемегені байқалғанын атап өтті.
"Қазіргі уақытта барлық жүйелер штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ресми ақпарат көздеріндегі ақпаратты тексеруді және әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі белгісіз ақпарат көздеріне сенбеуді сұраймыз,– делінген хабарламада.