Ақтөбеде жол апаты болып, екі жасар бала ауруханаға түсті
Ақтөбеде жол апаты болып, екі жасар бала ауруханаға түсті
217
оқылды
Ақтөбе қаласында екі көлік соқтығысып қалды. Салдарынан бір адам көз жұмып, екі жасар бала ауруханаға түсті. Оқиға бүгін сағат 14:30-да болды.
«LADA Granta» автокөлігінің 61 жастағы жүргізушісі қаладағы 312 атқыштар дивизиясы даңғылы бойындағы «Локомотив депо» бау-бақша ұжымынан шығып, басты жолда келе жатқан көлікке жол бермеді. Салдарынан 20 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Lada Priora» автокөлігімен соқтығысқан. «Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Lada Priora» автокөлігінде отырған 32 жастағы әйел дене жарақатынан қайтыс болды. Сондай-ақ екі жасар бала Ақтөбе қаласының облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды. Ақтөбе облысының Полиция департаменті облыс тұрғындарынан жолдарда мұқият болуды және жылдамдық режимін сақтауды, қозғалыс кезінде автомобильдер арасындағы арақашықтықты бақылауды сұрайды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.