22-23 ақпанға арналған жұлдыз жорамал
22-23 ақпанға арналған жұлдыз жорамал
440
оқылды
Юлия Муннің 22-23 ақпан демалыс күндеріне арналған жорамалы. Сенбіні Сатурн басқарады. Ай балық белгісінде. Киімде күлгін түс қолайлы. Сәттілік әкелетін тас аметист. Жексенбіні күн басқарады. Жаңа ай балық белгісінде. Киімдегі сары түс қолайлы. Тоқты — Сізге алда көптеген істер көп жауапты шешімдер күтіп тұр. Мұның бәрін сіз өзіңізді күштеп жасайсыз деп айтуға болмайды. Табысқа жеткен соң, тоқтап қалмаңыз. Ақырын жүріп анық. Тек қақтығыстарға жол бермеңіз. Торпақ — өз жақындарыңыздың проблемалары мен өтініштеріне немқұрайлық танытып ренжітпеңіз. Жаңа іскер серіктестерге сақ болыңыз. Жалған уәделерге сенбеңіз. Егер сүйікті адаммен қарым-қатынаста бірдеңе ұнамаса, асығыс қорытынды жасауға асықпаңыз.   Егіздер — өз қалауыңызды шектеудің қажеті жоқ. Сүйіктңіз сізді толығымен қолдайды. Сізді ескі достарыңызбен кездесулер күтіп тұр. Кәсіби салада ешқандай елеулі өзгерістер болмауы тиіс.   Шаян — сүйікті адаммен қарым-қатынаста жаңа нәрсе ашуға мүмкіндік бар. Ол үшін өз қалауыңызды жасырмаңыз. Достар немесе таныс қызғаныш үшін себеп болуы мүмкін, сондықтан тіпті жеңіл флиртке жол бермеңіз. Жалпы, күн сәтті болады деп уәде етілген.   Арыстан — жақын адамдарға немқұрайлы қармаңыз. Сіз өз мінез-құлқыңызбен немесе сөзбен оларды ренжітіп алуыңыз мүмкін. Қызметте жақсы мүмкіндіктер тууы мүмкін. Бірақ бір уақытта бірнеше кеменің құлағын ұстамаңыз.   Бикеш — күн іскерлік кездесулер, келіссөздер, қағаздарға қол қою үшін қолайлы. Жұмыста оқиғаны жылдамдатудың қажеті жоқ. Басталған істерді жалғастыру керек. Мүмкіндік болса, демалыс уақытын пайдаланыңыз. Шығындарды мұқият бақылау артық етпейді.   Таразы кәсіби деңгейде сәтсіздікке ұрынуды қаламасаңыз, ойланбай қадам жасамаңыз. Күн белсенді іс-әрекетке немесе жаңа істерді бастауға ыңғайсыз, орасан зор жоспарлар құрмаңыз. Жеке қарым-қатынаста жағдай әлдеқайда жақсы.   Скорпион — сіз бастаманы қаншалықты аз көтерсеңіз, соғұрлым жақсы. Адамдармен қарым-қатынаста немесе іскерлік келіссөздерде объективті көзқарасты жоғалтып алу қаупі бар. Егер сіздің ниетіңіз жақсы болса да, қорытынды жақсы болмауы мүмкін. Алдымен жақсылап ойлаңыз, содан кейін әрекет етіңіз.   Мерген — сіз арманыңызға қол жеткізу үшін жанталасуға тура келеді.  Қорытынды бағаланған кезде жұмсалған күш толығымен өзін ақтайды. Махаббат майданында өзімшілдік танытпасаңыз бәрі тамаша болады.   Таутеке — сіздің иығыңызға өте көп қамқорлық пен проблемалар артылады және сіз оларды жақын арада шеше алмайсыз. Әріптестеріңізбен қарым-қатынасты анықтаудан аулақ болыңыз. Үндемеген үйдей пәледен құтылатынын есте ұстағаныңыз абзал.   Суқұйғыш — қазір сіз кез келген салада атаққа ие бола алатын уақыт. Бүгінгі таңда ең маңызды істерді, келіссөздер мен кездесулерді белгілеңіз. Махаббат саласында ешқандай келеңсіздік күтілмейді, керісінше, тағдыр жағымды тосын сыймен қуануы мүмкін.   Балықтар —басқалардың мүдделерін өзіңіздікінен жоғарыда қоюға тура келуі мүмкін. Бұл көңіл-күйіңізді көтеруі екіталай, бірақ болашаққа қарау керек. Жақын арада жағдай өзгереді, және сізге бұл құрбандығыңыз еселеп қайтады. Бұл махаббатқа да қатысты. Серігіңізге қамқорлық танытып, назар аударыңыз.