83 жастағы қарияны көлік қағып кетті
83 жастағы қарияны көлік қағып кетті
9 желтоқсан сағат 14.45-те Петропавл қаласындағы Астана және Чайковский көшелерінің қиылысында Audi 80 автокөлігінің жүргізушісі жолдың рұқсат етілмеген бөлігінен өтіп бара жатқан 83 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы POLISIA.KZ Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Зардап шеккен әйел адам жедел жәрдем бригадасымен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір  мамандар зейнеткердің денсаулығын тексеруде. Медициналық куәландыруға сәйкес, Audi 80 автокөлігінің 71 жастағы жүргізушісі мас емес. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша жиналған материалдар тексеріс жүргізу үшін және процессуалдық шешім қабылдау үшін қалалық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне берілді.