Қатардағы футболдан әлем чемпионатында америкалық журналист қаза тапты
Қатардағы футболдан әлем чемпионатында америкалық журналист қаза тапты
Танымал америкалық журналист Грант Уол Қатарда Нидерланд пен Аргентина құрамалары арасында өткен әлем чемпионатының ширек финал кезінде қаза болды. Қайғылы оқиғаны марқұмның ағасы хабарлады, кейін журналистің өлімін АҚШ футбол федерациясы растады.
Ол кенет "Лусаил" стадионындағы баспасөз қызметкерлеріне арналған жерде есінен танып қалған. Журналист небәрі 48 жаста еді.
Уолдың туысы Гранттың денсаулығында проблемалар болмағанын айтты. Туысының айтуынша, БАҚ қызметкері Қатарда қоқан-лоқы көрген болуы мүмкін.
ABC News басылымының мәліметінше, бұған дейін ол Қатардағы стадионда түрлі-түсті футболка кигені үшін қамауға алынған. Айта кетейік, Грант Уол CBS-те жұмыс істеген. Ол - "Бекхэм эксперименті" кітабының авторы.