Қазақстан аспанынан лицензиясы жоқ, иесіз ұшақ ұшып өтті
Қазақстан аспанынан лицензиясы жоқ, иесіз ұшақ ұшып өтті
Бірнеше жыл бұрын апаттан кейін лицензиясынан айырылған Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы Алматы маңындағы әуеден байқалды. Оқиға туралы журналист Михаил Козачков «флайтрадар» скриншотын қоса отырып хабарлады. Ол Bek Air үш жылдан бері рейстерді орындай алмағанын және оның ұшу сертификаттары да тоқтатылғанын атап өтті.
«Мен әуе компаниясының иесі Нұрлан Жұмасұлтановқа телефон шалдым, ол лицензиясынан айырылғанын және ұшуға жарамдылық сертификаттары тоқтатылғанын растады. «Бек Эйр» шақыру белгісімен кім ұшты? Тағы да террористер ма? Еліміздегі азаматтық авиацияға Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жауап береді. Сондықтан министр Өскенбаевқа сұрақ, Қайырбек Айтбайұлы, бұл не нәрсе?», – деп жазады ол.
Осы ретте Ulysmedia.kz редакциясы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне хабарласты. Олар ұшақтың Қорғаныс министрлігіне тиесілі екенін айтты.
"RK8265 борт Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне тиесілі. "Қазаэронавигация" РМК бұрын Bek Аir әуе компаниясына тиесілі ұшақтардың ұшуын тіркемеген", – деп түсіндірді министрлік.
Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып, бұл ұшақ «олардыкі емес» деп мәлімдеді. Бұл әуе лайнерінің кімге тиесілі, лицензиясыз ел аспанында не үшін және қандай мақсатта ұшқаны әзірге белгісіз.