Астана автобустарында телефон ұрлап келген топ ұсталды
Астана автобустарында телефон ұрлап келген топ ұсталды
Солтүстік Қазақстан облысының екі тумасы астаналық автобустарда адамдардың телефондарын ұрлап жүрген. Елорда полицейлері автобуста жолаушылардың телефонын ұрлаған екі қалта ұрысын бірден қолға түсірді. 26 және 31 жастағы ер адамдар қоғамдық көліктегі ұрлықтың бес фактісі бойынша күдікті.
«Ұрлық қарбалас уақытта автобустарға адамдар лық толғанда жасалады. №20 маршруттық автобуста жолаушыдан «Самсунг А 10» ұялы телефонын ұрлап кеткен қалта ұрылары ұсталды. Бір күн бұрын «Тұран» мейрамханасының аялдамасында күдіктілер қыздың күртесінің қалтасынан құны 600 мың теңгеден асатын iPhone 12 Pro Max ұялы телефонын ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта ер адамдар қоғамдық көліктегі ұрлықтың бес эпизоды бойынша күдікке ілінді», - деп хабарлайды ҚР ІІМ.
Күдіктілер кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алғаны атап өтілді. Тергеу барысында ұрылардың бұрын тонау және бопсалау үшін бірнеше рет сотты болғаны анықталды. Олардың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталды.