Оңтүстік Корея тұрғындары ресми түрде бір-екі жылға жасарады
Оңтүстік Корея тұрғындары ресми түрде бір-екі жылға жасарады
510
оқылды
Оңтүстік Корея парламенті 6 желтоқсан сейсенбіде елдің дәстүрлі "корей жасы" жас санау жүйесін алып тастады, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап. Заңға сәйкес, жүйе ресми құжаттарда 2023 жылдың маусымынан бастап жойылады және стандартты халықаралық деңгейге ауысады. Билеуші "халықтық билік партиясының" өкілі Ю Сан Бомның айтуынша, қайта қарау қажетсіз әлеуметтік-экономикалық шығындарды азайтуға бағытталған, өйткені санау жүйелеріндегі шатасуларға байланысты көптеген құқықтық және қоғамдық даулар туындайды. Осы уақытқа дейін елде халықтың жасын есептеу "корей жасы" әдісімен жүзеге асты, онда адам туған кезде 1 жаста болады. Содан кейін жыл жаңа жылдың бірінші күнінде әрқайсысына жыл қосылады. Яғни басқа елдердегідей туған күн емес. Оңтүстік Кореяда қолданылатын басқа әдіске сәйкес, жаңа туған нәресте нөлде болып есептеледі және 1 қаңтарда 1-ге толады. Бұл әдіс негізінен алкогольді және темекі сатып алуға рұқсат етілген жасты анықтау үшін қолданылады. Сонымен қатар, стандартты халықаралық жүйе – туған кезде нөлде болады және әр келесі туған күнінде жылдар қосылады. Оңтүстік Кореяда 1960 жылдан бастап медициналық және заңды мақсаттарда осы әдіс қолданылады. Осылайша, 2002 жылы 31 желтоқсанда дүниеге келген оңтүстік кореялық 2022 жылдың 8 желтоқсанына дейін халықаралық жүйеде 19 жаста, ал Оңтүстік Корея жүйесі бойынша 20 немесе 21 жаста болады. Кейбір Азия елдері үшін дәстүрлі жас санау жүйесі ежелгі Қытайдан шыққан. Жапония мен Вьетнамда ол дәстүрлі рәсімдер мен діни процестерде қолданылады. Алайда ресми түрде Қытай да, Жапония да ондаған жылдар бұрын Шығыс Азияның санау жүйесінен бас тартты. Оңтүстік Кореяда бұл жүйе адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында жас маңызды рөл атқаратын иерархия мәдениетіне байланысты сақталған.
"Адамдар бір-екі жасқа жасаратынын білсе, қоғамға оң әсер етеді” – дейді Оңтүстік Корея заң министрлігінің басшысы Ли Ван Гю.
Оның айтуынша, үкімет азаматтардың күнделікті өміріне енуге көмектесу үшін жаңа жас жүйесін кеңінен насихаттайды.