Алматы облысында жасырын сақталған қару-жарақ табылды

Алматы облысында жасырын сақталған қару-жарақ табылды

Алматы облысында кезекті рет қару сақталған жер табылды, – деп хабарлайды ІІМ телеграм-арнасы. 9 желтоқсан күні сағат 19:20 шамасында Талғар ауданының аумағында қару сақталған орын табылды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Тексеру барысында 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, 5.6 калибрлі қолдан жасалған мылтық, травматикалық және пневматикалық тапаншалар, Калашников автоматы мен жауынгерлік және жарық-шу гранатасы тәркіленді. Тергеу шаралары жүргізілуде.