Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан мектептің үш бірдей қызметкері қаза тапты
Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан мектептің үш бірдей қызметкері қаза тапты

Абай облысындағы "Таскескен-Бақты” тасжолында орта мектептің үш қызметкері жол апатынан қаза тапты, – деп хабарлайды qaz365.kz 

Оқиға 9 желтоқсан күні сағат 14:45-те “Таскескен-Бақты” тасжолында орын алды. 29 жастағы Toyota Carina E маркалы көлік жүргізуші  рулді басқара алмай, қарсы бетте келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты.
"Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді" делінген хабарламада.