Криштиану Роналду Марокко командасына қарсы матчта негізгі құрамда алаңға шықпайды
Криштиану Роналду Марокко командасына қарсы матчта негізгі құрамда алаңға шықпайды
Фото: eurosport.co.uk
465
оқылды
Криштиану Роналду Қатардағы әлем чемпионатының 1/4 финалында Марокко командасына қарсы матчта негізгі құрамда алаңға шықпайды, – деп жазады A Bola. Оның орнына шабуылшы Гонсалу Рамуш шығады. Осыған дейінгі ойында Рамуш Роналдудың орнына алғашқы минуттан бастап Швейцария (6:1) командасына қарсы алаңға шығып хет-трик авторы атанды. Бұл жолы да португалиялықтардың бапкерлік штабы өзгеріс енгізбей Роналдуды қосалқы құрамда қалдыруды көздеп отыр. Швейцариямен өткен кездесуде Криштиану алаңға тек 73-минутта шығып гол сала алмады. Сол матчтан кейін Роналду мен бас бапкер Фернанду Сантуш арасында кикілжің пайда болды деседі. Нәтижесінде капитан негізгі құрамда ойнамаған жағдайда мундиальдің ортасынан кетіп қалатынын айтқан.