Орхон ескерткішінің толық атласы жасалды
Орхон ескерткішінің  толық атласы жасалды
175
оқылды
Көне түркі тарихы не­ме­се түркі этностары­ның, яғни біздің ата-баба­лары­мыз­дың бастауы есте жоқ ескі заман­дардан тамыр тартса да, өкі­ніш­ке қарай үзіл­ген және ұрпа­ғы ұға ал­­маған кезеңдері аз емес. Сол ақтаңдақтар ға­сыр­­­­лар тереңіне көмі­ліп, бү­гінгі там-тұмдап жеткен жаз­ба мұралары арқылы хал­қы­мен қауышты. Кеше  елордадағы Ұлттық ака­демиялық кітапханада  түркі­та­ну­шы ғалым, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «Орхон ескерт­кі­шінің толық атласы» атты үш томдық   еңбегінің тұсауы кесіл­ді. Кітап таныстырылымына бел­гілі қоғам қайраткерлері мен ға­лым­дар, ақын-жазушылар мен тарих­шы­л­ар қатысты.
«Оқырманға ұсынылып отыр­ған «Орхон ескерткіштерінің то­лық атласы» деп аталатын толайым еңбек  ақтаңдақтардың орнын тол­тыруға арналған. Авторы – Қар­жаубай Сартқожаұлы. Жал­пы, бұл ғалым жай адам емес. Бағзы Түркі қағанатының жұр­тын­да өскен тұлға. Бұл еңбек бай­ыр­ғы түркілердің ерте, орта ға­сыр дәуірінде өз қолымен жа­зып қалдырған қайталанбас мұра­сының жинағы. Бұл құндылықтар зерттелгенімен құпиясын әлі ашпаған», – деді кітаптың таныс­тырылымында сөз алған  Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов.
«Орхон ескерткішінің то­лық атласында» Еуразия ұлы дала­сына үш ғасыр бойы билік жүр­гізген, мәңгілік ел орнатуды көксеген, өздерінің тарихын, дү­ниетанымын, даналығын, ой-са­насын, болмысын, жазу өне­рін, ел басқару жүйесін, ата дәс­түрін өшпестей етіп тасқа қа­шап кеткен, сөйтіп өркениетке, адам­зат мәдениетіне асыл қазына қос­қан байырғы түріктердің мұра­лары түгел қамтылған. Ал­тай, Орхон, Сэленгі, Керулен бо­йы­­нан табылған Көк түрік им­пе­риясы дәуіріндегі (500-900 жж) тас ұстынға 2000 жыл бұ­рын қашап жазған түпнұсқада та­рих, тіл әдебиет (сөз өнері), сөз ас­пабы, байырғы архитектура және философиясы мен салт-дәс­түрінің мұралары қамтылған. Бүгінгі қазақтың салт-дәстүрі сол дәуірден қалыптасқанына көз жет­кізеді. Атласта Моңғолия–Чехия, Моң­ғолия–Түркия (ТИКА), Моң­­ғолия–Кеңес Одағы біріккен экспедицияларының, Л.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық уни­вер­ситеті экспедициясының ма­те­риал­дары, сондай-ақ әлем түріктанушыларының ғасыр­дан астам уақыт жүргізген зерт­­­­теулерінің қорытындысы пай­­­даланылған. Атлас авторы ба­­йыр­ғы түрік мәтіндерін қайта кө­шіріп, қайта оқыған, сондай-ақ бұрынғы зерттеушілердің қате­лері түзетілген, түпнұсқа мәті­ні­нің жаңа транскрипциясы, жаңа аудармасы жасалған, жаңа түсініктемесі берілген. Жарты­лай көшпелі дәуірдің тарихи-мәде­ни мұралары Атласта те­гіс қа­рас­тырылып, олардың архео­ло­гиялық сипаттамасы, фото, сызба суреттері тұңғыш рет толық берілген. Атлас тілші, тарихшы, этно­граф, археолог, философ, әде­биет­ші және мәдениеттанушы ма­мандарға, сондай-ақ студенттерге, магистранттарға, аспиранттарға, ізденушілерге арналған.   Айдана БЕГІМ