«Оскар-2023» сыйлығының алғашқы номинанттары белгілі болды
«Оскар-2023» сыйлығының алғашқы номинанттары белгілі болды
Үздік толықметражды анимациялық фильм, деректі фильм және шетелдік фильм номинациялары бойынша үміткерлер анықталды. Әлеуметтік желіде Америка кинематография академиясының үш номинация бойынша «Оскар-2023» сыйлығына үміткерлер тізімі жарияланды.
«Үздік анимациялық фильм» номинациясы бойынша 27 фильм бар, оның ішінде «Пиноккио Гильермо дель Торо», «Миньондар: гравитация, «Ғажайып әлем (Strange World) фильмдері бар. Үздік деректі фильм номинациясына 144 кинокартина таңдалды. Соның ішінде Венеция кинофестивалінің жеңімпазы «Барлық сұлулық және қан төгу» (All the Beauty and the Bloodshed), «Селена Гомес: Ақылым және мен» (Selena Gomez: My Mind & Me), «Дэвид Боуи: Айдың арманы» (Moonage daydream). 15 фильмнен тұратын қысқа тізім 21 желтоқсанда жарияланады. Шетел тіліндегі үздік фильм үшін әртүрлі елдерден 92 фильм үміткер. Соның ішінде Алехандро Гонсалес Иньярритудың «Бардо» (Мексика), «Бір кездері кинода» (Үндістан), «Корсаж» (Аустрия) және т.б. «Оскар» марапаттау рәсімі 2023 жылдың 12 наурызында өтеді.