UFC-мен келісімге келді
UFC-мен келісімге келді
148
оқылды
Қазақстандық аралас жек­пе-жек майталманы Жал­ғас Жұмағұлов әлемнің ең үз­­дік ұйымы UFC-мен келісім­шарт­қа отырды. Файтер ең же­ңіл салмақта өнер көрсе­теді. Бұл жайлы көптеген қазақ­стандық және ресейлік спорт­шы­­­лардың менеджері Саят Әбд­рах­­манов хабарлады. Әзірге ке­­­­лі­сімшарттың неше уақытқа жә­не қанша жекпе-жекке жасал­ға­ны туралы ақпарат жоқ. Оған қо­са Жалғастың UFC-дегі алғаш­қы жек­пе-жегін қашан өткізетіні де белгісіз. Әзірге белгілісі, 31 жаста­ғы спорт­шы UFC-дің алдағы тур­нир­лерінде бірінші сегізбұрышқа шы­ғып қалуы мүмкін. Өйткені Жалғас АҚШ-қа визасын жа­сап жатыр. Осы себепті қазақ спорт­шысын UFC FN 172 турни­рінде көріп қалуы­мыз ғажап емес. Жарыс 11 сәуір күні АҚШ-тың Портленд қа­­ла­сында өтеді. Бұған дейін Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісімшартқа отыра алмаса, Fight Nights Global ұйы­мы­нан кетіп, мансабын аяқ­тай­тынын мәлімдеген еді. Спортшының өзі Fight Nights Global ұйымынан кетуі неге ұзақ­қа созылғанын түсіндіріп бер­ген болатын. Жалғас өз сөзінде «чем­пиондық белбеуді кездейсоқ жеңіп алмағанын, ұйымдағы ең мық­тыларды жеңе алатынын дәлел­деп бол­ған соң ғана кете­тінін» айтқан еді. Дегенмен қазақ жанкүйер­лерінің қуанышына орай, Жалғас Жұмағұлов пен оның командасы әлемдегі ең беделді ұйым – UFC-мен келісімшарт жасай алды. Ал қазақстандық спортшының жұ­мы­сын тәжірибелі менеджері Саят Әбд­рахмановтың жүргізе­тінін ес­керсек, Жалғастың дебю­тін жақын ара­да көріп қаламыз. «Жако» (лақап аты) кәсіпқой ММА спортына 2014 жылы кел­ген. Осы уақытқа дейін 16 жек­пе-жек өткізіп үлгерді. 13 кез­­де­суінде қарсыласынан басым түссе, 3 жекпе-жегінде жеңіліс тап­ты. 6 жылдың ішінде Жалғас Жұма­ғұлов біраз промоушендерде жек­пе-жек өт­кізіп үлгерген. Де­ген­мен тек Fight Nights Global ұйы­мында үлкен жетістіктерге жетті. Дәл қазіргі сәтте Жалғас Жұ­ма­­­ғұлов әлемдік рейтингте өз салмағында 21-ші сатыда тұр. Қа­­зақ­стандық спортшының ал­дын­­да тек UFC мен Bellattor ұйы­мы­ның өкілдері бар. Сондай-ақ қазақстандық спортшылардың ішінен Жалғас Жұмағұлов екінші болып UFC-мен келісімшартқа отырғанын айта кеткен жөн. Бұған дейін «Номад» лақап атымен таны­мал Шавкат Рахмонов осы ұйым­мен келісімшарт жасасқан. Оның алғ­ашқы жекпе-жегі 21 нау­рызға жос­парланған.   Барыс НҰРЛАН