Маңғыстауда жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт табылмай жатыр
Маңғыстауда жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт табылмай жатыр
Фото: ҚР ІІМ
330
оқылды
Маңғыстауда жоғалып кеткен Асқар Ерланұлы Қылышбеков 9 күннен бері табылмай жатыр. 18 жастағы Асқар Қылышбеков 2 желтоқсанда Маңғыстау ауданының Шетпе елді мекеніндегі үйінен шығып кеткен.
«Асқарды 2 желтоқсаннан бері еліміздің түпкір-түпкіріндегі азаматтар болып іздеп жатырмыз. Әлі табылған жоқ», – деді «Лидер.кз» еріктілер қозғалысының жетекшісі Давид Миникаев.
Асқардың бойы ұзын – 180 см, арық, шашы қара. Оның үстінде қара күртесі, қанық көк шалбары, қолында қалың киімдері салынған пакеті болуы мүмкін