Петропавлдағы апат: тағы да су құбыры жарылды
Петропавлдағы апат: тағы да су құбыры жарылды
Фото: yandex.kz
Петропавлда түнде суық су құбыры жарылды. Апат салдарынан таңертең бірнеше шағынауданда су болмады. Апат туралы таңғы сағат 4.00 шамасында Петропавл әкімі Руслан Аңбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Петропавл қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, түнде 314-ші атқыштар дивизиясы көшесінде диаметрі 800 мм суық су құбыры жарылған. Қазір жөндеу жұмысы басталды. Ақау шыққан жер анықталды. «Қызылжар су» ЖШС авариялық бригадасы жұмыс істеп жатыр. Қалаға Бескөл елді мекені жағынан кіреберіс жол жабылды. Жарылған су құбырының пайдалануға берілгеніне небәрі 15 жыл болған. Жаңа құбыр, ескірмеген. Жұмысшы кенті мен «Береке» шағынауданында су қысымы төмендеді.