Елордада БАҚ өкілдері арасында волейболдан турнир өтті. Жарыс Зейнолла Сәнік атындағы Мәдениет қорының жүлдесі үшін «Хабар 24» телеарнасының 10 жылдық мерейтойына арналды. 8 команда қатысқан додада «Қазмедиа» командасы топ жарды.
Әу баста командалар жеребеге екі топқа бөлінді. «А» тобында «7 арна», «Айқын» газеті, Qazcontent агенттігі, «Комментатор» командалары ойнаса, «В» тобында Atameken business телеарнасы, «Хабар» агенттігі, «Егемен Қазақстан» газеті және «Қазмедиа» орталығы өнер көрсетті.
[caption id="attachment_231748" align="alignnone" > Фото: Қанат Мыңбаев[/caption]
Осылайша, қос топтан жартылай финалға «Қазмедиа» - «7 арна», Qazcontent – Atameken business командалары шықты. Ал бас жүлдеге «Қазмедиа» мен Qazcontent таласты. Өте тартысты өткен ойын екі сетпен аяқталса да, командалар аянып қалған жоқ. Соңына дейін қайсысының жеңімпаз болары белгісіз болды. Дегенмен бас кубок «Қазмедиаға» бұйырды. Үшінші орынды Qazcontent ойыншылары еншілесе, жұбаныш жүлдесін «7 арна» алды.