Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан экономикасының 2022 жылғы 11 айдағы негізгі даму көрсеткіштеріне тоқталды.
Оның айтуынша, қаңтар мен қараша аралығында экономиканың өсу қарқыны 2,7% деңгейінде болды.
«Қазір Үкімет инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асыруда. Оның шеңберінде жедел және орта мерзімді іс-шаралар көзделген. Олар ішкі нарықтағы отандық тауарлардың үлесін арттыруға, тауарларды сақтау және тасымалдау тетіктерін дамытуға, бөлшек сауданы қолдауға бағытталған», – деді Әлихан Смайылов.