Димаштың Arnau 2020 турнесі басталды
Димаштың Arnau 2020 турнесі басталды
5,192
оқылды
Димаш Құдайберген өзінің үлкен гастрольдік са­парын 17 ақ­панда Краснодар қаласынан бастады.  7 500 адамға ар­налған «Баскет Холлда»  өткен кон­церт­ке келгендердің көп­ті­­гінен залда ине шаншар жер болмаған. Ал 20 ақпан күні Ди­­маш­тың жаңартыл­ған Arnau 2020 турнесі Татарстан аста­на­сында жал­ғасты. Қазанда өткен концерт ту­ра­лы әншінің фан-клубтары мен Татар-информ агенттігінен ха­бардар болып отырдық. «Тат­нефть Аренада» өткен кон­церт кө­рерменге лық толған. Димаш тат­ар еліне ата-анасымен бірге келді. Қазан әуежайында Ди­маш­­ты жанкүйерлері зор қоше­мет­пен қарсы алды. Олар­дың ара­сында Татарстанның тұр­ғын­дарымен бірге Канада, Финляндия мен Қазақстаннан фанаттар болған. Димаш үшін дайындалған сыйлықтардың ара­сында башқұрт халқының музы­калық аспабы құрай да көзге шалынады. Татар-ин­форм агенттігінің жазуын­ша, Димаш өзін көруге арнайы келген ардагерге көңіл ауда­рып, онымен амандасып, қол алыс­­қан. Фотоға түсер кезде кө­зіл­дірігін шешіп, ізет көрсе­тіп­­ті. Қазандағы концертте Ди­маш Құдайберген бір әнін өзі­нің жанкүйері, онко­ло­гиялық дерттен көз жұмған татар қы­зы Лейсан Сейтназароваға ар­на­ды. Лейсан әнші шы­ғар­­ма­­шылығын жан-тәні­мен ұнат­қан. Димаш 2019 жылы нау­қас қыз WorldSkills Kazan ша­­ра­сы­ның жабылу салтана­ты­­на бара алмаған­дық­тан, хос­пис­­ке ар­найы барып, оны­мен кез­дес­кен еді. «Лейсан өзіне сүйікті орын­дау­шысы келетінін соңғы сәт­ке дейін білген жоқ. Кейін кез­­десуді ұйымдастырушылар оның таңғалған күйін айтып жет­кізуге лайық сөз таба ал­ма­ған. 21 жастағы Лейсан Ди­маш­­пен кездескеннен кейін төрт ай­дан соң көз жұмды. Ди­маш оның ең асқақ арма­ны­­ның бі­рін орындады. Кон­­цертте ән­ші Лейсанды әлі ұмыт­па­ға­нын айтып, оны «қарын­да­сым» деп атады» деп жазды Татар-информ. Димаштың әлемдік турнесі ая­сындағы концерттері Ресей­дің Екатеринбург, Латвияның Рига, Украинаның Киев, Герма­ния­­ның Гамбург, Дюссельдорф, Штутгарт, Чехияның Прага, Бе­ларусь мемлекетінің Минск қала­ларында жалғасады.   Тұмар МЫРЗА