Украинаны еліткен үн
Украинаны еліткен үн
187
оқылды
Қазақ үні әлемді аралап жүр. Димаш бастаған көш­ті Данэ­лия мен Ержан жалғап, эстафетаны Инди­ра мен Ерланға тап­­сырды. «Украина дауысы» жоба­сы­ның жабық тыңдалымы­на қа­­тысқан Ала­таудың қос та­ланты көрермен жүрегін жаулап алды. Қазылар алқасы да Инди­ра Еділбаева мен Ерлан Бай­ба­за­ров­тың өнеріне тәнті бол­ды. Dan Balan, Monatik, Тина Ка­ро­ль, Потап пен Настя Ка­мен­­скилер оларға жоғары баға берді. Алғашында Украина дода­сын­да алматылық Ерлан Бай­ба­­заров бақ сынады. Feel It Still әнін домбырамен орын­да­ған оған Тина Кароль бірден бұ­рыл­­ды. Домбыра үнін зама­науи құ­рал­мен үндестірген Ер­­лан­ның орын­дауы әсерлі шық­ты. Алмалы қалада так­си жүр­гізу­шісі болып еңбек ете­тін ол Потап пен Настяның то­­бын таңдады. Олармен бірге ән шыр­­­қағысы келетінін, бола­шақ­­қа деген айқын жоспары ба­­рын жеткізді. Monatik болса Ка­­менскилерге Ерланның та­­лан­тын одан ары шыңдап, екін­ші Ed Sheeran болуына ықпал жасауын өтінді. Ал Еділбаева «Мелодія» әні­мен құлақ құрышын қандырды. Тәлімгердің бәрі бірден таңдау түймешесін басып, Индира бол­мысына баға бергісі келді. Туындыны сызылта, құбылта, өн бойына ене отырып орындаған оған көрермен тұрып қол соқты. «Анам­­ның сенімін ақтаймын» де­ген әнші Dan Balan-ды таң­да­­ды. Алматылық ару имене жауап қатып, сахнада көз жазына ерік берді. Мұндай нә­зік әрі қуатты дауыстың ас­тын­да сезімтал жүректің барын аңғар­ған тәлімгерлер Индираға сәттілік тіледі.   А.ЖАНАСЫЛ