Петропавлда тағы да су құбыры жарылды
Петропавлда тағы да су құбыры жарылды
379
оқылды
Бұл жолы оқыс оқиға қаланың кіре берісінде, яғни «Жас өркен» шағын ауданында болды. Соның салдарынан жер астынан көтерілген су теміржол мен осы маңда орналасқан қойманы басып қалды, – деп хабарлайды «Хабар24» телеарнасы. Мұнымен қоса, жер үйлердің ауласына да жайылды. Коммуналдық апаттың салдарынан жол сақшылары қалаға кіре беріс жолды жабуға мәжбүр болды. Қазір қақаған аязда оқиға орнында коммуналдық қызметкерлер мен өрт сөндірушілер су сору жұмыстарымен айналысып жатыр. Сондай-ақ төтенше жағдай салдарынан «Жұмысшы кенті» және «Береке» аудандарында судың қысымы төмендетілді. Бұл жерлерге тіршілік нәрі арнайы көлікпен жеткізіліп жатыр.
«Түнгі сағат төрттен аса көршім хабарласты. Міне содан бері жұмыстар жалғасып жатыр. Жайылған су ауламызды, гаражды тіпті еденнің астына дейін жайылды», – дейді қала тұрғын Андрей Чернов.