Тоқыма, сырмақ сыру, текемет басу – қазақ халқының өнері

Тоқыма, сырмақ сыру, текемет басу – қазақ халқының өнері

Бүгін Достық үйінде орналасқан қалалық Ассамблеяда  «Текемет киіз басу» шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағаты барысында қатысушылар халқымыздың ертеден келе жатқан қол өнері – киіз басу, соның ішінде текемет жасаудың әдістерімен таныса алды. Сондай-ақ, қонақтар өз бизнесін қалай дамытуға болатынын түсіндіріп, гранттар туралы ақпарат берді. Сөйтіп, дастархан басында бас қосқан ісмерлер жан-жақты пікір алмасты. Іс-шараға Еуразия гуманитарлық институтының студенттері, қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, Аналар кеңесінің төрайымы, «AltynBala», «AnaTime» әлеуметтік жобаларының негізін қалаушы Алтынай Тәңірбергенова, сонымен қатар Астана қаласының ««En baqytty el» қоғамдық қорының жетекшісі, «DANI» киіз брендінің шебері және дизайнері, киіз шеберханасының жетекшісі Камиля Сүлейменова, киіз басу және құрақ көрпе технологиясының сертификатталған шебері Мадина Қуандық қатысты. –Киізден жасалған киімдер десе бірден бұрын ата-бабаларымыз киген қалың ойға оралады. Бірақ киізден жұқа әрі жеңіл, жаз кезінде де кие беруге жарамды киімдердіде жасауға болады. Мысалы, өзім мойныма салып жүрген жұқа орамал киізден жасалған. Не болмаса Мадинаның киіп тұрған шапаны қысқа да, жазға да жарайды, – деді киіз шеберханасының жетекшісі Камиля Сүлейменова. Шебердің айтуынша, киіздің техникасын меңгеру ешқандай қиынлдық тудырмайды. Жүн қиындыларын қажетті жерге, яғни кесьеленген ою-өрнегіне қарай қойып, арнайы инемен қайта-қайта піскілеп, әсемдей алады. Киізден қысқы қалың киімнен бастап, қол сөмкесі, кілем мен ойыншыққа дейін, кез келген нәрсені жасауға болады. –Осындай шеберлік сағаттарының өткізілуі, біз секілді жастарға жақсы мүмкіндік. біріншіден, өз тарихымызды, дәстүрімізді біле түссек. Екіншіден, адамқа қолөнермен айналысуына машықтайды. Осы жолы бірінші рет кілем тоқумен айналыстым. Әрине, үйренгенге дейін қиындау. Бірақ икемделіп алса, жиналған қыз-келіншектермен әңгіме-дүкен құрып, әжелеріміздің ісмерлігін еске алумен боламыз, – деді студент Зарина Тұраппаева. Астана қаласы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Алтынай Тәңірбергенованың сөзінше, мұндай бастамалар жас шеберлердің өз кәсібін ашып, ісін дөңгелеьтіп әкетуіне үлкен мүмкіндік. –Мұнда біз тек шеберлік сағаттарын ғана емес, бизнес-жоспарын қалай жасау керегін, инвестиция тартып, қандай да бір гранттарды жеңіп алуына алғашқы қадамдарын көрсетіп, мердігермен қалай жұмыс істеу керегін, түрлі келісімшарт жасасудың жолдарын көрсетеміз, – дейді Астана қаласы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Алтынай Тәңірбергенова. Айта кетейік, «Текемет киіз басу» үш модульді қамтитын «Ana time» бағдарламасы бойынша оқудан өткен әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған үшінші практикалық модуль. Бағдарлама аясында 120 әйел адам оқуын сәтті аяқтады.