Қазақстандық танымал жаттықтырушы қайтыс болды
Қазақстандық танымал жаттықтырушы қайтыс болды
Фото: news.myseldon.com
562
оқылды
Қазақ боксынан еңбек сіңірген жаттықтырушы Феликс Цой 82 жасында өмірден өтті, – деп хабарлады Sports.kz. Феликс Цой бокс жұлдыздары: Рашид Кабиров, Болат Жұмаділов, Бақтияр Тілегенов, Фируза Шарипова, Ангелина Лукас және басқа да танымал спортшыларды тәрбиелеп шығарды.
«Алғашқы бапкерім Феликс Тихонович Цой өмірден озды. Ұстазым, тәлімгерім, досым еді, маған әрқашан сенім білдіріп келді. Ол үнемі «қандай жағдай болса да, қарсыласыңның көзіне тік қарай алуың керек, ешқашан көңіліңді түсірме және жеңетініңе сен» деп айтатын. 23 желтоқсандағы жекпе-жегімді Феликс Тихоновичке арнағым келеді», – деп жазды Фируза Шарипова желідегі парақшасында.