Ақтөбеде үш шағынаудан жылу мен ыстық судан ажыратылды
Ақтөбеде үш шағынаудан жылу мен ыстық судан ажыратылды
240
оқылды
Ақтөбеде Болашақ, Кеңдала және 12-шағынаудан жылу мен ыстық судан ажыратылды. Ақтөбе қаласы 12-шағынаудандағы 26 үй маңында бекіту арматурасы сынды.
«Жұмыс кезінде жер қазылған жоқ. Ол арматура жылу құдығында орналасқан. Осыған байланысты 12 және Болашақ, Кең дала шағынаудандарындағы бірнеше тұрғын үйде жылу және ыстық су беру уақытша тоқтатылды. Қазір қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Аздаған уақыттан кейін коммуналдық қызмет қалыпты режимде беріледі», – деп хабарлады «Aqtobe su-energy group» АҚ баспасөз қызметі.