Сарыағашта AMANAT LIDER пікірсайысы өтті
Сарыағашта AMANAT LIDER пікірсайысы өтті
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының бастамасы­мен қолға алынған AMANAT LIDER пікірсайыс турнирінің іріктеу кезеңі Сарыағаш ауданында өтті. Жобаның мақсаты – партиялық кадрлық резервті жасақтау, қоғамның өзек­ті мәселелерін шешу жолдарын қарас­­­тыруға ықпал ететін жаңа белсенді тұл­ғаларды айқындау, ораторлық мәде­ниет пен интеллектіні, құқықтық сауат­ты­лық пен саяси белсенділікті қалып­тас­тыру және дамыту мақсатындағы де­бат алаңын қалыптастыру. 2 кезеңнен тұратын тартысты бә­се­ке­де 6 спикер белгіленген тақырыптар бойын­ша өз позицияларын ортаға сал­ды. Түрлі сала өкілдері қызығушылық та­нытқан партиялық жобаға білім са­ла­сының мамандары, медицина са­ла­сы­ның қызметкерлері, ауылдық округ әкімі ап­паратының мамандары, БПҰ төрағасы жә­не БАҚ өкілдері бақ сынады. Спикерлер бірінші кезеңде «Жаңа Қа­зақстанды» құрудағы «AMANAT» пар­­тиясының рөлі» тақырыбына қатыс­ты пікірлерін білдірсе, екінші кезеңде «Ау­данның өзекті мәселелері және шешу жол­дары» тақырыбы аясында спи­кер­лердің ұсыныстары тыңдалды. Сұрақты тұжырымдауға 20 секунд, ал жауап беру­ге 3 минутқа дейін уақыт берілді. Қар­сы­ластар бір-біріне сұрақтар қойып, та­қырыптардың мәнін ашты. Турнир ере­жесіне сай дебат 5 балдық жүйемен ба­ғаланып, төрешілер жеңімпаз деп та­ныған 4 спикер келесі кезеңге өтті. Пікірсайыстың қорытындысы не­гі­зінде 3-орынды Нұрсұлтан Әміре ие­лен­се, Уәлихан Оңғарбаевқа 2-орын бұйыр­ды. Ал Дәулет Тайрахұнов жеңімпаз ата­­нып, облыстық деңгейде өтетін до­да­ға жолдама алды. Ой додасына қаты­су­шылар «AMANAT» партиясы Сарыағаш ау­дан­дық филиалының атқарушы хат­шы­сы Қ.Қыстаубаевтың қолы қойылған дип­ломдарымен және бағалы сый­лық­тармен марапатталды.