Абай облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
Абай облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
203
оқылды
Абай облысында болған жол апатынан үш адам қаза тапты, – деп хабарлайды semeynews.kz сайты. Полиция департаментінің хабарлауынша, Toyota Сarina көлігінің 29 жастағы жүргізушісі Таскескен-Бақты ​​тасжолының бойымен келе жатып, рульді басқара алмай, қарсы бетте келе жатқан жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан үш адам қаза тапты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалған.