«AMANAT» партиясы Алматы облысы Іле аудандық филиалындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты С.Жарқынбеков жетекшілік ететін комиссия мүшелері және аудандық мәслихат депутаттары партияның Сайлауалды бағдарламасына енгізілген жобалардың, міндеттердің жүзеге асырылуын үнемі назарда ұстап келеді. Соның ішінде «Жол картасының» және «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының белгіленген мерзімде, сапалы орындалуы тұрақты бақыланады. Мүгедектігі бар жандардың қоғам өмірінен тысқары қалмауы, мемлекеттің игілігі мен қолдауын басқалармен бірдей сезінуі күн тәртібінен түспек емес. Күні кеше жоғарыда айтылған комиссия мен аудандық мәслихат депутттары партиялық бақылау аясында Боралдай кентіндегі ауылдық кітапхана мен Междуреченск ауылындағы Мәдениет үйінің мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді болуы үшін жасалуға тиісті жағдайды тексеріп көрді. Нақтырақ айтқанда, руханият орындарына мүгедектердің кедергісіз кіріп-шығуы үшін баспалдақтардың пандустармен жабдықталуына қатысты жұмыстарды зерделеді және дәл қазір аталған нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігі белгіленген санитарлық нормаларға сай екенін анықтады. Ал Өтеген батыр ауылындағы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратына мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді болуы үшін пандус құрылысы салынып біткен, тек шақыру қоңырауын орнату сынды бірқатар жұмыс алдағы аптада аяқталуға тиісті болып шықты. Депутаттық фракция рейд кезінде анықталған кейбір кемшін тұстарды өз отырысында қарап, тиісті шешімдер қабылдау үшін жауапты органдарға сауал жолдайды.