Маңғыстаудың жайын баяндады
Маңғыстаудың жайын баяндады
286
оқылды
Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев­ты қабылдады. Мемлекет басшысына Маңғыстау облы­сы­ның биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды. Сонымен қатар облыстағы тұр­ғын үй коммуналдық шаруа­шы­лығы, инвестиция тарту, мал азы­ғын әзірлеу және тағы басқа мә­селелер жөнінде мәлімет бе­ріл­ді. Нұрлан Ноғаев Президенттің Маң­ғыстау облысына жұмыс са­пары кезінде берген тап­сыр­ма­лары облысты дамытудың ке­шенді жоспарына енгізілгенін жет­кізді. Мемлекет басшысы жылды жос­парға сәйкес қорытынды­лау­ды тапсырды.