23 ақпан күні Алматыда әл-Фараби даңғылы жабылады
23 ақпан күні  Алматыда әл-Фараби даңғылы жабылады
23 ақпанда Алматыда Алматы марафонының қысқы жүгіруіне байланысты әл-Фараби даңғылының жартылай жабылады. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, 23 ақпан күні Алматыда өтетін қысқы жүгіру бағыты Әл-Фараби даңғылы бойымен белгіленген. Осыған байланысты сағат 08.00-ден 11.30-ға дейін Әл-Фараби даңғылы бойынша кез-келген автокөліктің қозғалысы ішінара шектеледі. Әл-Фараби даңғылының бойымен батыс бағытта Назарбаев даңғылынан Батыс Желтоқсан көшесіне дейін қозғалыс 06.00-ден 08.00-ге дейін жабылады. 8.00-ге дейін Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейін тоннельмен жүруге болады. Батыс бағытта Әл-Фараби даңғылымен (төменгі жағы) Назарбаев даңғылынан Гагарин даңғылына дейінгі қозғалыс толығымен 08.00-ден 11.30-ға дейін жабылады. Көлік қозғалысы үшін Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі ашық болады, - деп хабарлады жүгіруді ұйымдастырушылар. Жол жүгірушілер трассасының өту шамасына қарай ашылатын болады. "Нұрлы-Тау" БО жанындағы сөре-мәре қалашығына Қозыбаев көшесі немесе Западный Желтоқсан көшесі жағынан өтуге болады. Сондай-ақ, әл-Фараби даңғылы бойымен шығыс бағытта автобустар жүруіне мүмкіндік бар. Ұйымдастырушылар Алматы тұрғындары мен қонақтарын 23 ақпанда Әл-Фараби даңғылы бойынша өз маршрутын алдын ала жоспарлап, түсіністікпен қарауды сұрайды.