Дархан Қалетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі болып тағайындалды
Дархан Қалетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі болып тағайындалды
Дархан Қалетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі болып тағайындалды, тиісті жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланды.   "Дархан Аманұлы Қалетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды", - делінген құжат мәтінінде. Самат Исламұлы Ордабаев Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстанның Молдовадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметінен босатылды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Айдарбек Әнуарбекұлы Тұматов Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Еске сала кетейік, 18 Желтоқсанда Дархан Қалетаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Ол 2019 жылдың наурызында Президент Әкімшілігінде қызметке алынған болатын. Бұған дейін ол премьер-Министрдің Кеңсесін басқарды және қоғамдық даму министрі болды.