«Алты баласының да құжаты жоқ» – есірткі сақтаған шетелдік әйелді елден шығарды
«Алты баласының да құжаты жоқ» – есірткі сақтаған шетелдік әйелді елден шығарды
Фото: polisia.kz
277
оқылды
Полиция есірткі қолданған әрі сақтаған көпбалалы шетелдік әйелді елден шығарды. Ол есірткі пайдаланып, көлік жүргізген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   Polisia.kz-тің дерегінше, психотропты дәрі сақтаған Өзбекстан азаматшасы 6 баласымен ел аумағынан шығарылды. Қол сөмкесінде әртүрлі 34 дана психотропты дәрі-дәрмек сақтаған 30 жастағы Өзбекстан азаматшасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар әкімшілік сотқа жолданған болатын. Тексеріс барысында полицейлер 30 жастағы шетелдік азаматша мен оның 6 баласының құжатсыз жүргенін анықтаған. Ол Атырау қаласына 2013 жылы келіп, жеке басын анықтайтын құжаттарын жоғалтып алған.
Сондай-ақ 7, 5, 3, 2, 1 және 2022 жылы туған баласының да құжаты болмаған. Атырау қалалық Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері Атырау қалалық перзентханасынан кәмелетке толмаған алты балаға туу туралы анықтама алып, Өзбекстанның елшілігіне әйелді еліне қайтару үшін берілетін куәлікті алып беруге заңды көмек көрсетті.
Атырау қаласы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен 30 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматшасы алты баласымен Қазақстан аумағынан шығарылды.