Абысындар дауы қашан бітеді?
Абысындар дауы қашан бітеді?
1,062
оқылды
Astana TV арнасы жүрегі жетім жанның мұңын шағады. Жастайынан ата-ана махаббатына бөленбей, кедейліктің күйін кешкен, есейгенде абысындардан қорлық көрген жас келіннің оқиғасы қалың көрерменге ұсынылды. Көптің сұрауы бойынша 2016-2017 жылдары халықтың жүрегін жаулаған «Жетім жүрек» 2022 жылы жалғасын тапты. Талас пен тартысқа толы телехикаяның жаңа маусымы 12 қыркүйектен бастап эфирге шықты. Даналығымен, сүйкімділігімен жадымызда қалған Гүли (Devoleena Bhattacharjee), тәртіпті бәрінен биік қоятын Кокила (Rupal Patel), сезіміне берік Ахем де (Mohammad Nazim) бұл маусымда да көрермен көзайымына айналды. Жаңа кейіпкерлерден Гехна (Sneha Jain), Анант (Harsh Nagar), Канак (Aakanksha Juneja), Радхика (Krutika Desai) және тағы да басқа Үндістанның танымал әртістері қосылды. Гулидің (Devoleena Bhattacharjee) көрген қиямет-қайымын бұл жолы Гехна (Sneha Jain) бастан кешеді. Аңқау, ақкөңіл, мейірімді келін абысындардың қорлығынан әбден жапа шегеді. Абысындар арасындағы жанжал, қызғаныш, өсек-аяң Дисаи әулетін құрдымға ұшыратуы мүмкін.
Тағдырына мойынсұнып, туғанынан теперіш көрген жетім жүректің жаңа маусымын күн сайын кешкі сағат 21:55-те Astana TV арнасынан тамашалаңыздар!