Алматыда медициналық ұйымдарды техникамен жарақтандыру көрсеткіші 90,6% болды
Алматыда медициналық ұйымдарды техникамен жарақтандыру көрсеткіші 90,6% болды
«AMANAT» партиясы қалалық филиалы жанындағы Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесте Білім мен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының жылдық есебі тыңдалды. Отырысты Кеңес төрағасы Болат Садықов ашып, қатысушыларды келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Жиынға арнайы шақырылған Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Айтпаева  және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы И.Шаметеков қатысты. Кеңес отырысы барысында жыл бойы атқарылған жұмыстар талқыланып, басқарма басшыларының баяндамалары тыңдалды. Мәселен, Алматы қаласы Білім басқармасы Жол картасы аясында айқындалған құрылыс бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы сөз қозғады. Ал Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдардың техникамен жарақтандыру көрсеткіші 90,6%, қала бойынша анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері 100% құрайтындығын тілге тиек етті. Сөз соңында Кеңес төрағасы Болат Садықов жыл бойы берілген ұсыныстарды сараптап, талдауын жүргізді, қорытынды бойынша жалпы сәуір айынан бастап жаңартылған кеңес құрамымен 4 отырыс өткізіліп, нәтижесінде 13 сұрақ қаралып, мемлекеттік органдарға 29 ұсыныс жолданды. Кеңес отырысын қорытындылай келе жиын барысында маңызды мәселелердің қаралғанын атап, айтылған ұсыныстардың алдағы Кеңес жұмыстарында жіті бақылауда болатынын жеткізді.