Ақмола және Павлодар облысында Нұрсұлтан – Ерейментау – Шідерті республикалық маңызы бар учаскеде қозғалыс шектелді, - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Маржан Ордабай. Қозғалыс ұзындығы 219 километр учаскеде шектелген. Нұрсұлтан – Ерейментау-Шідерті 16-235 км, Нұрсұлтан учаскесі-Павлодар облысының шекарасы. Бүкіл ел бойынша 710 бірлік арнайы техника жұмыс істеп жатыр.